Новости

Германия, Қазақстан және Украинадағы әкімшілік әділет көмегімен конституциялық құқықтарды қорғау

Қазақстан Республикасының ғалымдары, заңгер-практиктері, құқық оқытушылары мен судьялар назарына!

Сіздерді "Германия, Қазақстан және Украинадағы әкімшілік әділет көмегімен конституциялық құқықтарды қорғау" атты халықаралық ғылыми-білім беру семинарына қатысуға шақырамыз!

Іс-шара 2024 жылғы 22-23 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Maqsut Narikbayev University негізінде өтеді.

Семинар аясында халықаралық сарапшылардың қатысуымен жеке тұлғалардың конституциялық құқықтары арқылы әкімшілік әділет саласында тақырыптардың кең ауқымы талқыланады.

Семинарға қатысу үшін 2024 жылғы 12 сәуірге дейін келісі сілтеме арқылы тіркелу: https://forms.gle/KhxcVtMAzP3Zyqym6

Семинарға қатысу екі форматта мүмкін:

1) офлайн, Maqsut Narikbayev University базасында, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қорғалжын тас жолы, 8;

2) онлайн, ZOOM арқылы.

Іс-шара шеңберінде ілеспе аударым жүзеге асырылатындығына байланысты офлайн қатысушылар үшін орындар саны шектеулі.

Офлайн форматта қатысу мүмкіндігі сілтеме бойынша тіркелген және ұйымдастыру комитетінің поштасынан растау алған адамдарға берілетін болады (zdr@kazguu.kz).

Офлайн қатысушыларға 0,6 ECTS кредиті көлеміндегі сертификаттар беріледі. Онлайн қатысушылар үшін сертификаттар берілмейді.

Қатысушылардың Астана қаласында тұруға, тамақтануға, көлікке жұмсаған шығындары өтелмейді.

Сұрақтар туындаған жағдайда ұйымдастыру комитетіне электрондық пошта арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: zdr@kazguu.kz
Made on
Tilda